Перейти к содержанию
Altai Xangai

Зардыхан Қинаятұлы

Рекомендуемые сообщения

esli u vas est' vremya , peerevedite pjlsta na russkom?

http://www.aikyn.kz/site.php?lan=kaz&id=168&pub=5365

Ақ сөйле

Басып шығару үшін

Зардыхан Қинаятұлы, тарих ғылымының докторы, профессор: Абайды қазақты орысқа жақындатудың құралына айналдырып алған жоқпыз ба деп қорқамын

– Зардыхан аға, сіздің Моңғолиядағы қандастарымыздың хал-жағдайын ойлап, әркез сол жаққа алаңдап жүретініңіз кім-кімге болса да белгілі. Алыста жүріп-ақ олардың тыныс-тіршілігінен хабардар болып тұратыныңыз тағы анық. Сауалымызды Моңғолия қазақтарының бүгінгі демографиялық және әлеуметтік жағдайынан бастасақ дейміз.

– Менің «моңғолдағы қазақтар арасында нендей өзгеріс болып жатыр екен?» деп кез келген жаңалыққа құлақ түріп жүретінім рас. «Қазір Моңғолияда 150 мыңдай қазақ бар» деген әңгіме айтылып жүр ғой. Ал шын мәнінде, 100 мыңнан аспайды десем қателеспеймін. 1992-93-жылдары Моңғолиядағы қазақтарға санақ жүргізіліп, тізімге 131 мың қазақ енген болатын. Елге соның 80 мыңдайы оралғаны белгілі. Сол жылдан бергі демографиялық өсімді ескерсек, қазір ондағы қазақтардың саны 100 мыңдайды құрайтын шығар деп ойлаймын.

Сөз арасында қазақтардың Моңғол жеріне қалай қоныс аударғаны жөнінде қысқаша айта кетсем артық болмас. Тарих оның негізгі екі тобын айқындап отыр. Біріншісі – 1860 жылдары Алтайдан қоныс аударды. Олар, негізінен, керейлер. Алғашында малдарын отарлатып келген қазақтар Моңғол жерін мекендеп қалып қояды. Қазақтың негізгі тобы осылар. Ал екінші тобы 1916 жылдары соғыстың қосалқы жұмысына жігіт бергісі келмей қашуға мәжбүр болғандар. Бұлар – бүгінгі Өскемен, Семей аймақтарының қазақтары.

Менің ата-тегімнің де көшіп барған кезі – осы 1916 жыл. Маған ес кіргелі бері білетінім, көргенім – ондағы қазақтар бақуатты, жақсы тұрады. Көпшілігі Баян Өлгий, Қобда аймағына қоныс тепкен.

1940 жылы қазақтардың өз аймағы құрылып, оны олар Баян Өлгий яғни «Бақыт бесігі» деп атады. Оған дейін қазақтар түрлі аймақтардың қарамағында жүрген. Сондықтан болар олардың мемлекеттің саясатына, ішкі өміріне моңғолдармен тең араласып, толыққанды білім алуларына біраз шектеулер қойылды. Ал аймақ құрылғаннан кейін олар толық құқықтарға ие болды. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары жақсарып, қазақтың өзінің зиялысы қалыптасты.

Моңғол қазақтары ешбір қиындық көрмеді деп айта алмаймын. Олардың басынан өткен нәубәт біраз жылға созылды. Әсіресе, алғаш көшіп келген жылдары көп бейнет көрді. Көшпелі халықтың кебін киіп, бір жерде тұрақтай алмады. Тек 1912 жылы қазақты «қазақ» деп танып, 400 отбасы азаматтық алды. Соның өзінде сол жылдар «жалама айдаған» деген атпен тарих беттерінде жазылып қалды. Қалмақтың екі түйелі жаламасы – Дамбийжанцан Батыс моңғолиялық автономдық ел құруға әрекет жасаған болатын. Қазақтар наразылық танытып, Дамбийжанцанға қарсы шықты. Мұндай талап-тілек ақыр аяғында Дамбийжанцанның қазақтарды қасақана ұйымдастырған қырғынына ұшыратып тынды. Сол кезден қалған тарихи шежірелер зарға толы. «Жалама айдаған» жылдар жайлы қара өлең, әдеби дүниелер көп қалса, соның басым бөлігі қайғы-қасіретті ашық жазған. Біраз ауыл құрып кетті. 1921 жылғы төңкеріс те қазаққа оңай тиген жоқ. Бір жағынан ақтар, екінші жағынан қызылдар қысымға алып, қазақтар ішінен екіге бөлінді. Көзі қарақты деген бірер қазақтың басы алынды. Тағы бір нәубәт кезең – 1943 жыл. Қазақтардың бір бөлігі сол жылдары Алтай асып, көп ауыл қаңырап, бос қалды.

Бұл тек қазақтың басынан өткен азап емес. Айраны іріп, қаймағы бұзылған талай ұлттың көз жасы төгілді емес пе сол жылдары. Заман сондай болды. Ал негізі, қазаққа ресми-төтенше қарсы саясат жүргізілген жоқ. Тек үкіметтік билікке жібеуге келгенде қазақтарға біраз шектеулер қойылып отырғаны болмаса. Мысалы, Орталық партия комитетінде халықтың 3,5 пайызын құрайтын дөрбеттерден 17-20 адам болса, 6,3 пайызын құрайтын қазақтардан бар-жоғы 2-3 адамнан асқан емес. Әрине, мұның бәрі біздің қазақ интеллигенциясына ұнамай, іштей өкпелі болып жүретін.

– Қытайдағы кейбір қазақтарға сонау 1960-1970 жылдары «жансыздар» деп күдікпен қарап, қуғын-сүргінге ұшыратқан деседі. Ал Моңғолияда болды ма осындай саяси оқиғалар?

– Жоқ. Қазақтарға ондай жала жабылған емес. Керісінше, моңғолдар Қытайдан келген өз қандастарына сенімсіздікпен қарайтынын білемін.

– Моңғол қазақтарын өте еңбекқор дейді...

– Олардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Шахталарда жұмыс істейді. Жаңа шахталардың ашылуына қазақтар көп жұмылдырылды. Құрылыста да қазақ көп жүр. Олардың жақсы бір қасиеті – ауыр жұмыстардан қажымайтындығы.

Баян Өлгийдегі қандастарымыздың саны әсіресе, 1950 жылдары күрт өсіп, керісінше, Моңғолияның орталық аймақтарында жұмыс күші жетіспегендіктен, қазақтар солай қарай тартылған еді. Моңғолдардың «қазақ өте еңбекқор халық» деуі тектен тек емес. Қаны қазақ 20-дан аса азаматымыз ғылым докторы атанса, 50-ден астамы ғылым кандидаттығын қорғады. Академик дейсіз бе, тағы да басқа көптеген білімді азаматтар жетерлік. Арамыздағы 16 қазақ Еңбек Ері атағына ие болды. Қазақтан теоретиктер, математик және мықты хирургтер де көп шықты. Осыған байланысты, ел аузында анекдоттар айтылып жүреді.

– «Дөрбеттер мен қазақтар мықты» деген пікір осыдан шыққан шығар?

– Мүмкін. Дөрбеттер негізі, Моңғолияның партиясы мен Үкіметін 40 жыл басқарған Цэдэнбалдың руластары ғой. Мұндай пікір әуелден айтылады.

– Сіз Моңғолияда туып-өстіңіз. Солардың ортасынан тәрбие алып, сол елдің білімімен сусындадыңыз. Соған қарамастан, қазақ деген атыңызды биік ұстап, ана тіліңізді жетік меңгере білдіңіз. Еліміздің тарихын зерттеуге айрықша ден қойып жүрсіз. Сізге рухани күш берген не?

– Моңғолиядағы қазақтардың ана тілі мен салт-дәстүрін атадан балаға ұлттық мұра ретінде аманат етіп отыруы дәстүрге айналған. Рухани қазынаның ұмытылмай келе жатқандығы соның нәтижесі. Мен өз басым қазақтардың емес, моңғолдардың ішіндегі аз саналатын қазақ шаңырағында өстім. Үйде қазақша, ал сыртқа шықсам моңғолша сөйлеп, екі тілді қатар алып жүрдім. Ұлтты сақтау бізге бесіктен белгілі болып, қанмен беріледі десем, асыра сілтегендік емес.

Қазақтың төбесін көргенде, қатты қуанатынмын. Мен алғаш көрген қазақстандық қазақтар – жарысқа келген балуан Әбілсейіт Айханов бастаған топ еді. Бұл – 1962 жыл болатын. Менің студент кезім. Жарыс болып жатқанда біз Айхановтардың тобын жақтасып, ұрандатып отырдық. Оған моңғолдар ренжіді. «Біздің азаматтарымыз бола тұра, бұларыңыз не?» дегендері ғой. Алайда ақсақалдар жағы жастарға ақыл айтып, тоқтатты. «Қанның аты қан. Бұлардың бұл әрекеті теріс емес» деп, бізге түсіністікпен қарады.

1981 жылы мен алғаш Алматыға келдім. Сонда қалай қатты толқығанымды, қаншалықты қуанғанымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Елімді, жерімді өз көзіммен көріп, топырағын бассам арманым жоқ» деуші едім іштей. Жылдар бойы аңсаған арманым орындалды. Мен көз алдыма елестеткендей Алматыға емес, мүлде басқа өмірге тап болғандай күйге түстім. Алматы әсем қала екен. Алайда қазақтың тынысы тарылып кеткендей сезінгенімді жасыра алмаймын. Әсіресе, тіл, рухани жағынан. Қазақтың қарасы тым аз көрінді. Шыны керек, іштей жабырқап қайттым. Содан елге келгенімде үйге дос-жарандар жиылмай ма, жаңалықты асыға күтіп. Мен көргендерімді тамсанып айта бастадым. Ал іште жатқан басқа сырды ақтармай-ақ қояйын дедім. Елді сағынып, аңсап жүрген азаматтардың көңіліне қаяу түсіргім келмеді. Сонда Қазақстанда оқып, білім алып қайтқан бір журналист досымыз не жасырып отырғанымды түсінгендей:

– Сені ойлантқан басқа ештеңе болмады ма? – деп сұрады. Осы сауалдан кейін мен ашылып, көкейге түйгенімді жайып салдым. Бір күйігімді шығардым-ай келіп. «Айтары жоқ. Бәрі жақсы. Бірақ Алматының көшесінің итіне дейін орысша үреді екен» деп бар айтқалы отырғанымды бір ауыз сөзбен ғана жеткіздім. Әлгі журналист жігіт «бағанадан бері осыны айтпаймысың» деп сілкініп қалды. Сөйтсем, ол да көптен бері осыны айта алмай жүр екен ғой. Содан не керек, «Алматының итіне дейін орысша үреді екен» деген сөзім бүкіл Моңғолияға тарап кетті. Ол кезде Моңғолияда да орыстар көбейіп кеткен болатын. Сонда әлгі мен айтқан сөз мақал-мәтелдің рөлінде айтылатын болды.

Мен негізі, Қазақстанда қандай саяси, мәдени жаңалықтар болып жатқандығынан үнемі хабардар болып отыруға барынша ден қойып жүретінмін. Газеттердің қиындысын жинап, БАҚ-тарда қазақтар жайында титтей де ақпарат айтылса болды, түртіп алатынмын. Әсіресе, желтоқсан оқиғасы бізді қатты толқытты. Қан деген шіркін ең күшті құдырет қой. Кеудемізде ар-намыс оянып, қазақтың қыз-жігіттеріне қатты риза болдық. Желтоқсан көтерілісі тәңірдің тапсырған ісі сияқты көрінді маған. Болуға тиіс бетбұрыс деп санаймын. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір болатын төңкеріс еді бұл. Рас, жастарды қатты аядым. Бірақ іске сәт тілеп, тақымымды қысып отырдым.

– Содан бері біраз жыл өтті. Көп өзгерістер болды. Қазіргі пікіріңіз қандай? Сіз «Қазақстанды осылай көргім келді» деп айта аласыз ба?

– Ол кездегімен қазіргі кездің айырмашылығы жер мен көктей. Мен алғаш көрген Қазақстан қазір жоқ. Қазақтанып келеміз. Қай жағынан айтсақ та.

Бірақ ұлттық проблема жоқ деп айтуға әлі ерте. Мен негізі, Мәскеуде дәл осы ұлт мәселесіне байланысты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған адаммын. Ұлт деген құбылыстың сырына қанықпын. Ұлт ретінде біздің қазақ алдында тұрған мақсат әлі де күрделі. Әсіресе, мына екі жағдай қатты мазалайды: біріншісі – біз орысқа әсіре жақындап бара жатқан сияқтымыз. Неге десеңіз, біз орыстың қол астында үш жүз жылдай болдық. Әсіресе, Кеңес өкіметі кезінде орыстанып кеттік. Ресей деген машинаның бұрамасына айналдық. Менің негізі, орыс халқына деген ешқандай қарсылығым жоқ. Өзім Мәскеуде оқып, білім алдым. Орыс достарым баршылық. Бірақ кешегі «қожайынымыздың» қолтығына қайта кіріп, ұлтымызды, тілімізді сақтай аламыз ба? Әңгіме осында. Менің ойымша, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты сақтай отырып, әуелі ел сияқты ел, ұлт сияқты ұлт болып алып, еппен жақындасуымыз керек еді. Ұлтымыздың алдындағы мұрат-мақсаттар әлі шала күйінде тұр. Мәселен, осы жуырда ғана ашылған Абайдың ескерткішіне қатысты айтсам, ескерткішке Абайдың «Орысша оқу керек. Орыстың білімінен, ғылымынан хикмет алу керек» деген сөзі жазылыпты. Бұл – қазақтың надандықтан көзін ашу үшін сонау XІX ғасырда айтылған сөз. Әр кезеңнің өз ерекшелігі бар. Бүгін біз орыс болып кеткен қазақты қазақ болғыза алмай әуреміз. Абай осы қоғамда өмір сүрсе, осы сөзді айтар ма еді? Абайды қазақты орысқа жақындатудың құралына айналдырып алған жоқпыз ба деп қорқамын. Екінші мәселеге тоқталсам, біз алғаш Қазақстанға келген жылдары қазақта ұлттық ояну айрықша байқалатын еді. Ұлттық нышан түлеп-түрленгенін көріп, іштей қатты қуанған едім. Қысқасы, басталуы жақсы еді. Қазір осының бәрі басылып қалғандай сезіледі. Рас, тілге жанашарлық айтылып жатыр. Бірақ тек сөз жүзінде. Ал бұл салада іс жүзінде бітіріп жатқанымыз шамалы сияқты. Ресми тілге қайта бет бұру байқалады. Жоқ, әлде мен қателесіп отырмын ба? Орыс емес-ау, осы бетбұрысты күтіп отырған қазақтар бар арамызда.

– Сізді «Моңғолиядағы социализмді жойып, капитализмге өтуіне үлкен күш жұмсаған адам» дейді. Оны талай газет жазған да. Алайда «Айқынның» өз оқырманы бар, соған қысқаша тоқтала кетсеңіз.

– Моңғолиядағы 1990 жылғы демократиялық қозғалыс өте қарқынды жүрді. Бұл қозғалысты негізі, жастар бастаған. Мен сол жастарды қолдап, кеңесші болдым. Әрине, ондағы демократиялық идеологияны жалғыз мен жасадым деп айта алмаймын. Демократиялық партияның бағдарламасын жасауға көмектестім. Соның негізінде 15 ғалым қол қойып, Орталық комитетке хат жолдадық. Сол хат көп нәрсені өзгертуге түрткі болды. Партияның саяси бюросы толық құрамымен доғарысқа кетті. Негізгі заңға көп өзгерістер енгізіліп, демократиялық сайлау жүргізілді.

– Сізде өзіңізді «ел басшысының қызметіне ұсынсам» деген ой болды ма?

– Жоқ. Менде ондай ой болғанның өзінде ол мүмкін емес. Сондықтан да оның бос әурешілік екенін білдім. Заңда нақты айтылмаса да, тумысынан моңғол азаматы ғана президент бола алады. Рас, мені кейбір депутаттар вице-президенттікке ұсынды. Бірақ мен одан бас тарттым.

– Неге?

– Вице-президент – президенттің оң қолы. Президент қандай бір жағдайға ұшыраса, ел билігі кімнің қолына өтетіндігін моңғолдар да жақсы біледі ғой. Осының бәрін біле тұра істің артын ушықтырмай-ақ қояйын деп шештім. Содан кейін мен Парламенттің спикерінің орынбасары болып тағайындалдым. Бұл – ұлтқа еш зияны жоқ лауазым.

– Зардыхан аға, қалай ойлайсыз, біздің елдің парламенті мен Моңғолиядағы құрылдың айырмашылығы бар ма?

– Бар. Болғанда қандай! Моғолиядағы билік – парламенттік жүйе. Ал бізде Президенттік билік. Құрылдың құқығы жоғары. Сондықтан бізде парламенттің рөлі төмендеу. Өйткені Моңғолияның парламентінде билік партиясы мен оппозицияның арасындағы тепе-теңдік бар. Яғни қазір құрылда 72 депутат болса, соның тең жартысына жуығы демократтар, қалғаны бұрынғы партияның мүшелері. Сондықтан да бір-біріне басымдылық бермейді. Үшінші – сайлау өте адал жүреді. Сайлау заңының өзінде ешқандай заң бұзушылықтар байқалмайды. Өйткені сайлау комиссиясында екі жақтың да мүшелері отырады. Бір дауыстың өзінің айқындығы көрініп тұрады.

Біздің елдегі сайлаудың қорытындысы бір партияның мүддесіне қарай шешіледі. Заңды бір көзқарастағы адамдар жасайды. Комиссияда отырғандар да бір жақты мүддені қолдайды, осыдан бір анадан туғандай парламент шығады. Сындарлы пікірталас жоқ. «Parlament» деген сөздің өзі «пікір сайысы» деген сөзден шыққан ғой. Біздің Парламентте оппозиция өкілдерінің жоқтығы байқалып-ақ тұрады. Оппозициялықтардың арасында білімді де, елім, жерім деп еңіреп жүргендер аз емес қой. Соларды неге тартпасқа Парламентке?

– Сіз тарихшысыз. Қазақстанның тарихын ұзартуға айрықша ат салысып жүрген адамсыз. Осы мәселеге тоқтала кетсеңіз.

– Қазір мен Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих институтының Ежелгі және орта ғасыр бөлімін меңгеріп жүрмін. Біз, негізінен, Қазақ тарихының ежелгі дәуірінен бастап XVІІ ғасырға дейінгі кезеңді зерттейміз. Отандық тарихымызды үзіп-жармай ұлттың, халқымыздың біртұтас өмірбаяны ретінде зерттесек дейміз.

Айтып отырғанымыз тек біздің пікір, идеямыз емес. Бұл – бүкіл қазақстандық тарихшылардың ұстанып отырған бағыты. Яғни тарихты бөліп-жаруға болмайды. Бұл бір-бірімен біте қайнасып жатқан дүниелер болуы тиіс. Біз қазақ тарихын Сақ, Үйсін, Қаңлы дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейін бірін де шет қалдырмай зерттесек дейміз. Ұлытаудың аты өзгеріп отырғаны болмаса, осы далада өсіп-өніп келе жатқан сол бір халық. Мәдениеті де сол. Аймағы да сол бір аймақ. Сақтап келе жатқан ата бейіті сол бір бейіт. Жағалап көшкен өзен-суы да бір. Қысқасы, тарих жалғасын тапқан. Біздің міндетіміз – сол жалғастықты үзбей зерттеу. Әрине, тарих жазылып жатыр. Бірақ әлі де атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Біздің бөліміміз осы мақсатта «Қазақ мемлекеттігінің тарихы» атты монографияны қазақ және орыс тілінде дайындап, жуықта баспаға тапсырдық. Біз қазақ мемлекеттігі тарихын Ақ Орда мемлекеті тарихынан бастаған жөн деген пікірге келіп отырмыз. Бұл, негізінен, Жошы хан ұлыстық жүйесін әкеп қосқан бұрынғы шығыс Қыпшақ хандығы ғой. Астанасы да сол баяғы Сығанақ. Ұлы тарихшыларымыз қазақ мемлекеттігінің бастауын қазақ хандығының атасы Ұрыс хан Ақ Ордаға хан болған 1367-1368 жылдардан бастап санауды ұсынған. 1465 жылы қазақ хандығын құрған Керей, Жәнібектер – Ұрыс ханның шөберелері. Сонда біз қалай атасының ұлысын бір ел, шөбересінің ұлысын басқа мемлекет деп есептемекпіз. Қадырғали Жалайырдың «Бұ Жәнібек хан атасының ұлысын өзі басқарды» деген сөзі бар. Атасының ұлысы дегені Ақ Орда, ал Жәнібек шаңырағын қайта көтерген қазақ хандығы оның мұрагері. Ақ Орда және қазақ хандығы деп жүргеніміз іс жүзінде бір мемлекет. Қазақ хандығының қашан құрылғаны туралы тарихта жалғыз дерек бар. Оны Мұхамед Қайдар Дулати жазған. Онда Қыжыраның 870 жылы қазақ хандығы басталған деп жазады. Қазіргі григориан күнтізбесіне түсіретін болсақ, ол 1465-66-жыл. Мұны айтып отырған себебім қазір кейбір БАҚ-тар бұл датаны 1456 деп жазып жүр. Бұл дұрыс емес. Бұл сан қайдан шықты? XІX ғасырдың басында орыс тарихшысы Вельяминов-Зернов Қыжыра жыл санауын григорианға айналдырғанда текстологиялық қате жіберілгендіктен, бұл дата пайда болды. Қыжыра жыл санауын григорианға түсіретін екі түрлі тәсіл бар. Біріншісі – графикпен салыстырады. Екіншісі – формула түрінде. Ал Зерновтың кезінде ондай формула болмаған. Ол өзінің келтірген (1465) санына сенімсіз болған. Сондықтан бұл санды жақшаға алып, сұрақ белгісін қойған. Мұны М.Тынышпаев, С.Асфандияров, М.Мағауиндер сол күйінде қолданып, кейбір оқулықтарға кіріп кетті. Ештен кеш жақсы. Ендігі жерде қазақ хандығының құрылу датасын 1465 жыл деп түзесек, тарихтың алдында ұятты болмаймыз.

–Қазақта ұлықталмай қалған хан бар ма?

– Ақ Ордадан бастап санайтын болсақ, қазақта 40-қа жуық хан өткен. Ал қазақ хандығынан бері санайтын болсақ 31-32. Бұл хандардың әрқайсысының өзінің ерекше орны бар. Бұлардың барлығы Шыңғыс хан әулетінен тарайды. Сөз болған 31-32 ханның ішіндегі аты айрықша аталуға тиіс хандар – Ұрыс хан, оның немересі Барақ хан, одан Керей мен Жәнібек хандардың тарихтағы орны ала бөтен.

Осы күнге дейін Керей хан мен Жәнібек ханға лайықты құрмет көрсете алмай отырмыз. «Олар аймақтың хандары» деген де әңгіме айтылған. Бұл дұрыс емес. Бұлар жеті атасынан бері хан. Қазақ мемлекетін жаңғыртқан тұлғалар Жәңгір хан мен Есім хан да ірі қайраткерлер. Менің ойымша, қазақ мемлекеттігі тарихында Қасым хан мен Хақназар хан орындары бөлек. Қазақтың қазіргі территориясының қалыптасуы осы аты аталған хандардың арқасы. Олардан кейінгі уақытта айырылғанымыз болмаса ұтқанымыз жоқ. Сөйткен Қасым ханның басына қойылған белгі де жоқ. Бейітін Әмір-Темір бір, И.Грозный екінші рет талқандап кетті. Осы адамдардың аты тарихта өзінің лайықты бағасын алуға тиісті. Қазақ хандары әрқайсысына бір-бір ескерткіш тұрғызуға лайық. Олар – орданың қызығына батып жатпаған, халқымен бірге жүріп, қан төккен жандар.

– Оспан батыр жайында білгіміз келеді.

– Ол – Алтайдың қазағы. Өте ірі тұлға. Шыңжаңдағы Ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ үшін жанын қиған жан. Оның ержүректілігін дүние жүзі мойындаған. Оспанды Батыстың тарихшыларына дейін жазады. Ал бізде аты көп айтылмайды. Өкінішті, әрине... Бір кездері оның саяси көзқарасында ауытқулар болды. Қытайда қызылдарға қарсы шығып, солардың қолынан қаза тапты. Ол жүрек жұтқан қайсар, қаһарман қазақ. 1899 жылы дүниеге келген. 1999 жылы 100 жылдық мерейтойы атаусыз өтті. Ендігі жерде ең болмаса 110 жылдығын ескерусіз қалдырмасақ жарар еді.

– Түркі әлемін толық зерттеп болдық па?

– Бұл өте ұлы әлем. Менің өз есебімше, қателесуім де мүмкін, 240 мың шаршы шақырым аумақ түркі әлемінің иелігінде болған. Ал мұның бәрін зерттеуде көптеген қиыншылықтар болды. Мысалы, түркілердің моңғол даласындағы ескерткіштерін XX ғасырдың басына дейін моңғолдарға теліп келсе, қазақ тарихын ежелгі түркіліктен алып қашатыны тағы бар. Тіптен VІ ғасырға дейін қазақ даласында түркілердің ізі де болмаған деп қарайтын тарихшылар бар. Сақтарды да жаппай үнді-еуропалықтар деп қарайтын пікір қате пікір. Біз сақтардың Шығыс бөлігін түріктер деп танимыз. Мұны растайтын дерек жеткілікті.

Рас, қазір түркі әлемін зерттеуге үлкен ден қойылып отыр. Әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін дүниелер телегей-теңіз. Тіпті жазуларының сыры толық ашылған жоқ. Түркітанудың ең қызу кезі енді басталды деп ойлаймын.

– М.Мағауин мен М.Шаханов арасында Шыңғыс ханға қатысты өткір пікірталас болды. Бірі – ұлы ханды «биік тұлға» десе, екіншісі – оны «асқан қатыгез адам болды» дейді. Осы жөнінде не айтар едіңіз?

– Шыңғыс ханға қатысты кім не айтады, бұл – әркімнің өз құқы. Мен де өз пікірімді «Жас Алаш» газетінде (2004 жылы 7 ақпан) жазғанмын. Әркім өз жазғанына, өз айтқанына өзі жауап береді. Қазір тарихшылардың арасында «Шыңғыс хан кім?» деген әңгіме айтылмайды. Дүние жүзінде Шыңғыс ханның өмірбаянындай терең зерттелген, көп жазылған дүние жоқ. Шыңғыс ханды тереңірек білгісі келген адам оған қатысты қандай да бір дерекке өте қырағы қарауы тиіс.

Рас, Шыңғыс ханға бір жақты баға беруге болмайды. Ол өзі қатыгез, қанкешті заманның туындысы. Бүгінгі XXІ ғасыр биігінен баға бере салу оңай шаруа емес және ол тарихтан өз бағасын әлдеқашан алған адам. Шыңғыс хан тұлғасы түрлі бағаға зәру емес. Қандай тұлға болсын оған баға бермес бұрын оның өмір сүрген заманын зерттеп, соны ескеру керек.

– «Жылаған жылдар шежіресі» атты кітабыңызды уақытынан бұрын жазылып қойды деген пікір айтатын көрінеді. Өзіңіз не дер едіңіз?

– Мен Моңғолиядағы қазақтың басынан өткен тарихи шежірені халыққа замана толқып тұрған шағында, естелік ескірмей тұрғанда беріп қалайын деп ойладым. Бұл ғылыми зерттеу емес. Ішке сыймай жүрген ойларымның ештеңесін жасырмай ақтара салдым. Жүрек толғанысынан туған дүние ғой. 1991-92-жылдары Моңғолиядағы қазақтар көшті. Жақтайтындар және көшке қарсылар болып екіге жарылды. Бұл кітап дәл сол жылдары жарық көрді. Көшуді қолдағандар кітапты жылы қабылдады-ау деймін. Ал қалған топ қарсылық танытты. Кітапта Моңғолия жерінде қазақтың басынан өткен жақсы-жаманы ашық айтылған. Көшпей қалған қазақ интеллигенциясы «бұл кітаптың моңғол қазақтарына кері әсері тиюі мүмкін» деп ойласа керек. Моңғолдар арасында да кейбір түсінбеушілік болды. Содан кейін біз бұл кітапты моңғол тіліне аудардық. Олар кітапты өз тілінде оқығаннан кейін орасан ештеңе де айтылмағанын түсінді ғой деймін.

– Руға бөліну қазаққа не береді?

– Ру туралы халықтың арасында екі жақты пікір бар. Бір жағы руды әсіре дәріптесе, екінші жағы «ру деген көнерген, ескірген. Осыны қою керек» дейді. Мен екеуіне де қосылмас едім. Ру – ойдан жасалған дүние емес. Бұл – тарих. Ру деген көшпелі жұрттар. Ата-аталығымен, тайпа-тайпасымен біріне-бірі сүйеніп, бір-бірін сырт жауынан қорғап, бірге күнелткен. Қазақ ру-руға бөлінгенімен, ара бірлігінен айырылған емес. Ру дегенді әлі де шетке шығаруға болмайды. Алайда оны мансап, лауазым үшін пайдалану қазаққа жат құбылыс екенін әркімнің іші сезуі тиіс. Мұндай көріністер, өкінішке қарай, дертке айналып бара жатқандай. Мұндайды қалайда болдырмауға тырысуымыз керек. Бізге бүгін рудың емес, ұлттың бірлігі мен татулығы қажет. Егер ру қазаққа қажет болмай қалса, тарих оны өзі-ақ ысырып тастайды.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Ләззәт БИЛАН

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

Можно предложить другой выход из положения!

Это интервью Зардыхана Кинаятулы (он ныне гражданин Казахстана, доктор исторических наук, зав. отделом древней и средневековой истории Казахстана, в прошлом один из активных сторонников и участников бархатной революции в Монголии, которой теперь только завидую) давно устарело. После этого у него столько работ вышло. Недавно вышла первая книга о Чингиз-хане, планируется два тома.

Он знает монгольский, маньчжурский языки и благодаря этому вводит в научный оборот много новых источников.

Так вот можно предложить ув.админу совместно составить блок интересующих вопросов к этому человеку и будет интервью. :kz1:

Интересно, о чем здесь написано?

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

Altai- Xangai, Po-prosite s uvajeniem etih gentlemenov( u nih mngo vremeni) perevedit' etot interview. Oni kazakhi, chleni Ikh Khurala (Mongol'skogo Parliamenta): Халидолдайн ЖЕКЕЙ: jekei@parliament.mn, Хавдисламын БАДЕЛХАН badyelkhan@parliament.mn, Алмаликийн ТЛЕЙХАН: tleikhan@parliament.mn. Po websaitu parliamenta, oni vladeyut po-krainem mere russkim yazikom. Pochemu to oni ne polojili kazakhskii v spiske yazikov na ih anketah.

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

На казахском языке сейчас выходит очень много интересного материала, в том числе и по средневековью. Так что не будет лишним немного освоить этот язык, тем более он очень схож с другими тюркскими языками. :rolleyes:

Если коротко, то говориться об истории переселения казахов в Монголию, их судьбе в Монголии, деятельности представителей казахской диаспоры там. Количестве академиков, докторов, кандидатов, шахтеров. Говорят, что монголы говорили про казахов тамошних как о трудягах. Говориться о том, что помогло казахам Монголии сохранить свой национальный дух. Автор вспоминает о том, как впервые был на исторической родине. Его удивлении, что все говорят по-русски, даже собака лает по-русски! Говорит, что переживал за молодежь во время декабрьских событий в Алматы в 1986 году.

Немного автор говорит о своих политических взглядах. Тревожном реванше нового российского империализма (в принципе, автор давно известен своими смелыми и открытыми высказываниями и критикой политики властей). Помните, великий Абай говорил, что нужно учить русский язык, тогда откроются ваши глаза на мир. Так вот, автор справедливо напоминает, что это было более века назад и сегодня эти слова не актуальны. А наши пророссийские политики до сих пор об этом твердят. Сейчас казахи сами кого хочешь научат. Только их даже наши власти не слушают. Кто за границей, кто вынуждено не при делах.

Говорил о политической жизни Монголии после крушения советского тоталитаризма, своем участии в демократическом движении. Говорит о различиях в политической системе Монголии и Казахстана, их парламентах, оппозиции.

Еще один блок вопросов посвящен его современным историческим исследованиям. Но эти его идеи уже на русском опубликованы и известны. www.iie.kz Он исследует историю Казахстана с древнейших времен до конца 17 века. Говорит о тюркоязычности части восточных саков, по его мнению они не были поголовно ираноязычными. Исследует историю Чингиз-хана и его (и потомков в том числе) роль в истории Казахстана, Ак-Орды, Казахского ханства. Есть работы о племенах Монголии 11-13 веков (кереиты, найманы, меркиты, жалаиры, коныраты, онгуты). Много интересных идей, с чем-то можно спорить, с чем-то не соглашаться, но в целом он проделывает нужную и полезную работу.

Сожалеет автор и о том, что на родине не знают Оспан-батыра, одного из руководителей восстания казахов в Китае. Не отмечено его 100-летие, хотя весь ученый мир о нем писал и говорил.

Говориться о новых перспективах исторической науки, изучении тюркской истории, не нужном споре вокруг Чингиз-хана, своей работе «Летопись слезных лет», значении родов в истории и современной жизни казахов и т.п.

:kz1:

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

Ал негізі, қазаққа ресми-төтенше қарсы саясат жүргізілген жоқ. Тек үкіметтік билікке жібеуге келгенде қазақтарға біраз шектеулер қойылып отырғаны болмаса. Мысалы, Орталық партия комитетінде халықтың 3,5 пайызын құрайтын дөрбеттерден 17-20 адам болса, 6,3 пайызын құрайтын қазақтардан бар-жоғы 2-3 адамнан асқан емес. Әрине, мұның бәрі біздің қазақ интеллигенциясына ұнамай, іштей өкпелі болып жүретін.

Понятно, из-за чего Зардыхан уехал из Монголии - это обида на ЦК МНРП.

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

Понятно, из-за чего Зардыхан уехал из Монголии - это обида на ЦК МНРП.

podrobnee pojaluista? Za4em on uehal v 4uzhoi stranu, i stat "Oralmanom".

PS: jalko stariku, Po-moemu emu nado bylo sidit' v Mongolii, jit' v uvajenie. Ili on stal jiznenii Senator v Parliamente, ili v hudwom stala by posol Mongolii v Kuveiti ili. Jizni ego byla by lu4wee. On ne poluchil yagody svoi delo-demokrati4eski. Vmeste Sairaana , on doljen byt' bogatyi 4elovek

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

podrobnee pojaluista? Za4em on uehal v 4uzhoi stranu, i stat "Oralmanom".

PS: jalko stariku, Po-moemu emu nado bylo sidit' v Mongolii, jit' v uvajenie. Ili on stal jiznenii Senator v Parliamente, ili v hudwom stala by posol Mongolii v Kuveiti ili. Jizni ego byla by lu4wee. On ne poluchil yagody svoi delo-demokrati4eski. Vmeste Sairaana , on doljen byt' bogatyi 4elovek

Вот перевод этой фразы -

В принципе, официально не проводилось антиказахской политики. Кроме, разве что, некоторых ограничений для прихода казахов в органы правительственной власти. Например, в Центральном Комитете партии, от дорбетов, составляющих 3,5 процента населения, было 17-20 человек,а от казахов, составлявших 6,3 процента населения, было максимум 2-3. Разумеется, все это не нравилось нашей казахской интеллигенции и порождало внутреннюю обиду.

Сайран разбогател не за счет демократии, а за счет того, что воровал и продолжает воровать деньги мусульман.

Ссылка на комментарий
Поделиться на другие сайты

Для публикации сообщений создайте учётную запись или авторизуйтесь

Вы должны быть пользователем, чтобы оставить комментарий

Создать аккаунт

Зарегистрируйте новый аккаунт в нашем сообществе. Это очень просто!

Регистрация нового пользователя

Войти

Уже есть аккаунт? Войти в систему.

Войти

×
×
  • Создать...